Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицияның спортшысы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды

Елордалық полицияның спортшысы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр ауданы ПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Ләззат Күнгейбаева Мароккода өткен Golden Belt series event in Marrakesh 2023 бокстан турнирде күміс медаль жеңіп алды.

Марракеш қаласында өткен “Алтын белбеу” санаты бойынша турнирде 20-ға жуық елдің өкілдері қатысты.
Қазақстан құрама командасында бес алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алған 12 спортшы өнер көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша әйелдер құрамасы жалпы командалық 1 орынға ие болды. Полиция қызметкері медальдар қоржынына “күміс” еншіледі.

Ләззат Күнгейбаева жартылай финалда Испаниядан келген қарсыласын жеңіп, халықаралық аренада жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшы Азия чемпионатының бес дүркін финалисті және 2016 жылғы 81 келіден астам салмақ дәрежесінде әлем чемпионы.

Спортшы өзінің алғашқы алтынын 2010 жылы Қазақстан чемпионатында алып, “он дүркін чемпион” атағына қол жеткізген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру