Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантинде боди-массаж жасайтын орын жұмысын тоқтатпапты

Алматы қаласының криминалдық полициясы карантин кезінде тыйым салынғанына қарамастан, тәулік бойы жұмыс істеп келген массаж салондарын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қаланың екі орталық ауданында орналасқан. “Массаж салондарының басшылары мен олардың қызметкерлері массаж қызметін көрсетуді жалғастырды және карантин кезінде клиенттерді қабылдады. Бұл күндері олардың бизнесі “жасырын” жұмыс істеді: есіктер тек сенімді клиенттерге және тек алдын-ала жазылу арқылы ашылды. Белгілі болғандай, мұнда емдеу массажы емес эротикалық массаж жасалды.

Екі салонның да иелері бірден әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылды: ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы – төтенше жағдай режимін бұзу және ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы – жезөкшелікпен айналысуға үй-жай беру немесе жеңгетайлық. Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін массажшыларда заңға сәйкес жауап беруі керек. Шешім қабылдау үшін өндіріс материалдары сотқа жолданды”, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру