Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәсіби біліктілігі жоғары Үсенов

23 маусым – Қазақстан полициясы күні қарсаңында Polisia.kz редакциясы Отанына адал қызмет етіп, ел қорғаны болған полицейлер туралы жарияламақ.

Сыртқы сымбаты мен мінездемесі келіскен, кәсіби біліктілігі жоғары Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары – Серік Үсенов.
Серік Амангелдіұлы 1977 жылдың Тоқта ауылында өмір бесігінде тербеліп, орта білімді Кутузовский совхозы орта мектебінен алып шығады. Мектеп қабырғасын аяқтаған соң Павлодар мемлекеттік университетінің ие болады. 2004 жылы Павлодар қаласы жоғарғы оқу орнының “Юриспруденция” мамандығы бойынша сырттайғы бөлімнің “Бакалавр-юрист” мамандығына ие болады.

Отан алдындағы азаматтық әскери қызметін әскери бөлімінде жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының нұсқаушысы ретінде өтеп келген 2003 жылы ҚР ІІМ алғашқы жаттығу курсынан өтіп, Павлодар станциясындағы ЖІІБ жолаушылар пойыздарына ілесіп жүру бойынша полиция қызметіне қабылданады. 2004 жылдың қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы лауазымына тағайындалады. Үш жылдан соң дәл осы жерде анықтау тобының қараушысы қызметіне ауысып, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы лауазымын айналып өтпей, 2009 жылдың ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы учаскелік полиция инспекторларының лауазымына көтеріледі. Міне, осылай жас та болса бас болып жүрген азамат Серік Амангелдіұлының бірнеше лауазымдық қызметтеріне көтерілуі, әрине, өлшеусіз төккен маңдай терінің арқасы екені түсінікті.

2017 жылдың жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына тағайындалады. Серік Амангелдіұлы өткен жылдың Ертіс ауданы полиция қызметі бастығының бірінші орынбасары.

Осындай, бірталай жылдың ішінде бірнеше жауапты қызметтерге көтерілуі әділдік пен шындықтың ара жігін аша білетін шыншыл азаматқа ғана тән қасиет. Серік Амангелдіұлының полиция қызметіне келуіне ағасы Ермектің ықпалы зор көрінеді. Құқық қорғау саласында бірнеше жылдар бойы тер төгіп келген Ермектің өзі полиция полковнигі.

Өмірлік жан серігі Асила Нұрымжанқызы екеуі Балжан және Нұрай есімді қыздарына өмір сыйлап отырған бақытты ата-ана.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру