Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәсіпкерлік нысандарда карантин режимінің сақталуын бақылауға алу мақсатында құрылған мобильді топтың жұмысы жалғасуда

Абай ауданы бойынша жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде Шымкент қаласы Бас санитарлық дәрігердің Қаулысын сақтамай той ұйымдастырғандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Темірлан тас жолы бойында орналасқан “Арнур” мейрамханасының ішінде мереке тойлаған 50-ге жуық адам анықталды.

Қаулыда көрсетілген шектеулерді өрескел бұзып, ешқандай ескертулерді елемей жұмысын жалғастырған мейрамхана әкімшісіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар Шымкент қаласы Абай ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру