Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентауда рейд барысында 70-тен астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасы бойынша тәртіп сақшылары құқық бұзушылық пен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Кентау қаласы аумағында рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері, Кентау қаласы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция қызметі жұмылдырылды.

Рейд барысында полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, үнемі қауіпсіздік белдігін пайдалану және жолдарда жылдамдықты асырмау қажеттігін ескертіп, мас күйінде немесе шаршаған күйде рөлге отырмау керектігін, сондай-ақ шетелдік көлік құралдарын заңдастыру ережелері туралы түсіндірді.

Сондай-ақ рейд кезінде патрульдік полицейлер 55 құқық бұзушылықты анықтап, әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігімен – 5 жайт, 597-баптың 1-бөлігімен – 4, 601-баптың 1-бөлігімен – 7, 612-баптың 1-бөлігімен – 5, 614-баптың 1-бөлігімен – 9, 615-баптың 1-бөлігімен 25 дерек анықталды және 3 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары С.Қожанов саябағы аумағындағы заңсыз сауда нүктелерінің анықтап, иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту жасады. Учаскелік полиция инспекторлары барлығы 20 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның 10-ы нөлдік төзімділік қағидаты, ал 10-ы белгіленбеген жерлерде сауда жасағаны үшін тіркелді.

Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Бегім Ахметов атап өткендей, жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша осындай алдын алу шаралары одан әрі жалғасады, сондай-ақ баршаңызды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру