Ішкі істер министрінің орынбасары Павлодарға іссапармен барды
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі орынбасары Игорь Лепёханың Павлодарға жұмыс сапары барысында полициядан халық нені күтеді және оның өз жұмысын күнделікті форматта қалай жақсартатыны талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы іске асырылуда. Жоба аясында учаскелік полицияның жаңа моделі іске қосылды, ол келесі форматта жұмыс істеуді көздейді: азаматтардың жұмыс және қабылдау режимі сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін үзіліссіз қабылдау,азаматтарға арналған өтініштердің бірыңғай арнасы, онда әрбір өтініш тіркеледі және уақытылы сапалы пысықталады. Жүйелі профилактикалық ден қою шараларын талап ететін қайталанатын проблемаларды анықтау үшін өтініштерге талдау жүргізіледі, полицияның әрбір учаскелік пунктінде аумақтағы балаларды қорғау және олармен жұмыс жөніндегі ювеналды инспектор орналасқан.
Сервистік учаскелік пунктерде жаяу патрульдеу үшін оның ішінде тұрғын үйлердің аулаларында, проблемалық учаскілерде патрульдік полицияның екі қызметкері жұмыс істейді. Сервистік модель аудандардың тұрғындарын алаңдататын қауіпсіздік мәселелерін уақытылы шешуге, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының қолжетімсіздігі және тиісті шаралар қолданбау жағдайларын жоюға мүмкіндік береді.
Пилот шеңберінде қалада Усолка шағын ауданында орналасқан модельдік учаскелік полиция пункті ашылды. Бұл азаматтармен жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлары бар заманауи қызмет көрсетуге бағытталған бөлме. Ана мен бала бөлмесі бар, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған.
Игорь Лепёха полицияның сервистік учаскелік пунктерінің практикалық жұмысымен танысып, жаңа модельді іске асыруға байланысты мәселелерді талқылады.
Министрдің орынбасары жеке құраммен кездесіп, қарапайым полицейлер мен олардың басшыларының жұмысында азаматтардың өтініштеріне сәйкес қандай өзгерістер болуы керек екенін атап өтті.
– Полицияның миссиясы – сервистік полицияға көшу – әрбір жағдайда жүгінген адамды қорғау және көмектесу, сервистің сапасына кепілдік беруді білдіреді. Сапа критерийлері – заңдылық, хабардарлық, толықтық және сыпайылық. Бұл біздің жұмысымыздың стандартына айналуы тиіс, – деді ішкі істер министрінің орынбасары.
Пилоттық жоба барысында халықпен өзара іс-қимылды жақсарту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін процестерді цифрландыру және оңтайландыру саласындағы басқа да жаңалықтар сыналатын болады.