Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кездесуге келген сотталғанның анасы мекеме басшылығына алғысын білдірді

Қызылорда облысында кездесуге келген сотталғанның анасы мекеме басшылығына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық-атқару саласына қарасты Қызылорда облысындағы №68 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп жатқан 22 жастағы сотталғанға шалғай ауданнан бауырлары мен анасы келді. Сотталған азамат ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Ол – екі баланың әкесі. Сотталғанға дейін тұрақты жұмысы болмаған. Бүгінде мекеменің шаруашылық бөлімінде жұмыс жасайды. Екі күндік кездесуге келген жазасын өтеушінің анасы баласының жағдайына қанық болып, кетерінде мекеме қызметіне алғысын білдірді.

– Бүгін мен балама екі бауырын қоса ертіп келдім. Апасы мен інісін көріп, баламның көңілі босады. Екі жылдан бері бірін-бірі көрмеп еді. Бұған дейін әйелі екі баласымен келіп кеткен болатын. Бұл жолы үш бауыр қосылып, балалалық шағындағы қызықты әңгімелерін айтып, еске алды. Баламның көңлі көтеріліп қалды. Аға болып, інісіне қамқор бола алмағанына өкінді. “Сабағыңды жақсы оқы, бостандыққа шыққан соң, оқу орнының төлемақысын өзім төлеп тұрамын” деп інісіне біраз ақыл айтты. Балам тым есейіп кетіпті. Бұл қателігі оған үлкен сабақ болды. Кездесу бөлмесі жылы, жағдайы жаман емес екендігін көзіммен көріп, көңілім орнына түсті. Қызметкерлер тарапынан да ілтипатты қарым-қатынасты байқадым. Сол үшін мекеме бастығы Қайырбек Ильясов пен мекеме қызметкері Қасымбеков Балғазыға алғысымды білдіремін, – деді сотталғанның анасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру