Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жол үстінде телефон пайдаланған 2 мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкентте жол үстінде телефон пайдаланған 2 мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Кезекті іс-шараның қорытындысы бойынша ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен бір ай ішінде жол үстінде ұялы телефон пайдаланған 2268 жүргізуші жауапқа тартылды.

Нәтижесінде автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Ұялы телефон пайдалану) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Жол үстінде ұялы телефон пайдаланып көлік басқарған жүргізушілер 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы ескертілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру