Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда 4 жасар бала терезеден құлап кетті

Көкшетауда төрт жасар бала терезеден құлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 20 мамырында сағат 19:44-те Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне МПС көшесі 28 мекен-жайында екінші қабаттың терезесінен баланың құлап кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері төрт жастағы баланың 10 жастағы ағасымен үйде болғанын анықтады. Осы кезде ата-анасы емханаға кеткен. Үлкен ағасы жууыну бөлмесінде болған кезде, бала өздігінен терезенің алдына көтеріліп, байқаусызда терезеден құлап кетті. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баланың жағдайы тұрақты, сынықтар мен көгерулер жоқ.

Бақытымызға орай, бәрі сәтті аяқталды. Бірақ мұндай қауіпті жағдайлар ата-аналардың немқұрайдылығынан туындайтынын атап өткен жөн.

Құрметті ата-аналар, егер сіздің балаларыңыз болса, терезелерді ашық ұстамаңыз, баланың терезе үстінде болуына жол бермеңіз. Терезелердің алдында барлық жиһазды алып тастау керек. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру