Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлікті басқару құқығынан айырылған астаналық қайтадан масаң күйде рөлге отырған

Көлікті басқару құқығынан айырылған астаналық қайтадан масаң күйде рөлге отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Уәлиханов көшесінің бойында Иманов көшесіне жетпей, жүргізушісі өзін өте күдікті ұстаған Toyota автокөлігін байқаған.

Көлікті тоқтатқан кезде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шығып, медициналық куәландыруға жіберілді. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, 36 жастағы жүргізуші “жеңіл” дәрежеде мас болған.

Сонымен қатар полицейлер құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің 2022 жылдың тамыз айында астаналықтың көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылғанын анықтады.

Астаналықтың елордадағы дәмханалардың бірінде өзінің таныс қызымен кездесіп, спирттік ішімдіктерді ішіп, кейіннен көлікті масаң күйде айдағаны жүргізгені болды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, баптың санкциясы белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Заң талаптарын бұлай елемеуге мүлде жол беруге болмайтынын ескертеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру