Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Корея еліне жұмысқа тұрғызып беремін”: кентаулық алаяқ ұсталды

Түркістан полицейлері Корея еліне жұмысқа тұрғызып беремін деп ақша жымқырған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын әйел алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Оның айтуынша, танысы Корея еліне жұмысқа тұрғызып беретінін айтқан. Және ол үшін тұрғыннан 350 мың теңге қаражат алған. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт СДТТБТ-ға енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған Кентау қаласының тұрғынын анықтап, басқармаға жеткізді.

Күдікті азамат жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алған.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Ұсталған ер азаматтың бас шарасы қамауда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. Егер, сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру