Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда криминалистер қызмет ардагерлерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Полиция күні қарсаңында Маңғыстау облысы полиция департаментінің криминалистикалық бөлімшелерінің қызметкерлері сала ардагерлерімен тағылымды кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға криминалистика саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, құқық қорғау органдарының дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер қатысты. Кездесу барысында олар жас мамандармен кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, қызмет жолындағы есте қалған оқиғалар, қылмыстарды ашу мен тергеудің ерекшеліктері, сондай-ақ криминалистикалық қызметтің қалыптасу кезеңдері туралы әңгімеледі.

Ардагерлердің көпжылдық тәжірибесі, мамандыққа деген адалдығы мен жауапкершілігі жас буын полиция қызметкерлері үшін үлкен өнеге болды. Олар кәсіби қызметте жинақталған білім мен тәжірибенің маңыздылығына тоқталып, жас мамандарға ақыл-кеңестерін берді.

Өз кезегінде қазіргі криминалистер ардагерлерге қылмыстарды ашу және тергеу барысында қолданылып жүрген заманауи криминалистикалық техника мен арнайы құрал-жабдықтарды таныстырды. Кездесуге қатысушылар жаңа технологиялардың мүмкіндіктерімен танысып, криминалистикалық бөлімшелердің бүгінгі жетістіктеріне куә болды.

Кездесу жылы әрі достық жағдайда өтіп, ұрпақтар сабақтастығының, кәсіби дәстүрлердің сақталуының және баға жетпес тәжірибенің кейінгі буынға берілуінің жарқын үлгісіне айналды.

Мұндай тағылымды кездесулер жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, қызметке деген жауапкершілігін нығайтуға және ішкі істер органдарының үздік дәстүрлерін жалғастыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру