Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас ақтөбеліктің көлігі айыптұраққа қойылды

Мас ақтөбеліктің көлігі айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында сағат 06.50 шамасында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері К.Нокин кентінің шетіндегі “Ақтөбе-Орск” тас жолында қызмет атқару кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 37 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен ресейлік есептегі ВАЗ-21099 автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде жүргізушінің жағдайы күдік тудырды, жүргізілген сараптама жүргізушінің “каннабиоидтарды” қолданудан туындаған есірткіге мас күйінде көлік жүргізгенін көрсетті. Сонымен қатар, ер адамның бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Есірткіге мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автомашина арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші тергеу изоляторға қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру