Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері шырша кесушілерге бақылауды күшейтті

ШҚО полицейлері шырша кесушілерге бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 17-31 желтоқсан аралығында ШҚО Полиция департаменті орман қорғау органдарымен бірлесіп жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты жас ағаштарды заңсыз кесу, дайындау, тасымалдау және сату фактілерін анықтау және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды өткізу бойынша жұмыс жүргізуде. Құрамында полиция, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінен тұратын 22 мобильді топ құрылды.

Аңшылық шаруашылықтары мен алқаптарға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіріп-шығу жерлеріне бекеттер қойылды. Автожолдарда, сондай-ақ базарларда және басқа да жерлерде жас қылқан жапырақты ағаштарды тасымалдау мен сатудың заңдылығы тұрғысынан бақылау күшейтілді.

Акция басталғаннан бері ШҚО полиция қызметкерлері алты құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кескені үшін екі әкімшілік құқық бұзушылық (ҚР ӘҚБтК 381-1 бабы), жасыл екпелерді зақымдағаны үшін бір құқық бұзушылық (ҚР ӘҚБтК 386-бабы), шырша бұтақтарын белгіленбеген жерде сатқаны үшін үш әкімшілік құқық бұзушылық (ҚР ӘҚБтК 204-бабы).

Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштардың сақталуы саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және анықтауға бағытталған рейдтік іс-шараларды өткізу барысында Алтай ауданының ПБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Алтай-Парыгино технологиялық трассасында шырша тұқымдас қылқан жапырақты ағашты тиісті құжаттарсыз тасымалдаған Алтай қаласының 50 жастағы тұрғынының басқаруымен УАЗ автокөлігін тоқтатты. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБК 381-1 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, бұзушыға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Орман алқаптарын патрульдеу барысында орман күзетінің қызметкерлері Бесқарағай ауданының табиғатты қорғау полициясының инспекторымен бірлесіп “Семей Орманы” РММ Канонер филиалында көлемі 4,5 текше метр 26 253 теңге көлемінде 26 дана қарағай тұқымды ағаштардың заңсыз кесілгені анықталды. 40 жастағы заңбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті ағаштарды, соның ішінде қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кескені үшін мемлекетке келтірілген зиян мен көлемге байланысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру