Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин: мас боп көлікке отырған бірнеше жүргізуші ұсталды

Алматы облысындағы блок-бекеттерде көлікті мас күйде басқарған бірнеше жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері санитарлық және тосқауыл бекеттерде өз қызметін атқару барысында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған және көлікті масаң күйде басқарған екі жүргізушіні анықтады.


Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының санитарлық бекетінде “Nissan Primera” автокөлігі тоқтатылған. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлердің назары жүргізушіге түсті. 43 жастағы жергілікті тұрғынның автокөлікті мас күйде басқарғаны былай тұрсын, бұған дейін ол жүргізуші куәлігінен айырылған екен. Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изолияторына қамалды.

Осыған ұқсас жағдай Талғар қаласы мен Азат кентінің арасындағы тосқауыл бекетте де тіркелді. “Lada 21927” маркалы автокөлігін тоқтату кезінде, оның жүргізушісі Өрікті кентінің 29 жастағы тұрғынының бұрын сотпен жүргізуші құқығынан айырылғандығы және орташа дәрежедегі мас күйде екені анықталған. Айыққаннан кейін аталған жүргізуші мекен жайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды.


Екі деректе ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Автокөліктер айып тұрағына қойылды. Сотқа дейінгі тергеу материалдары тергеу амалдары аяқталғаннан кейін сот органдарына жіберілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру