Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Масаң күйде өзгенің көлігін иемденген ақмолалыққа қатысты тергеу басталды

Масаң күйде өзгенің көлігін иемденген ақмолалыққа қатысты тергеу басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Щучинск қаласының тұрғыны Көкшетау қаласының полиция басқармасына көлікті айдап әкету дерегі туралы өтінішімен жүгінді. Ер адам маусымның 17-нен 18-не қараған түні белгісіз біреудің оның Mazda 626 көлігін ұрлап кеткенін хабарлады. Жәбірленушінің айтуы бойынша, ол сол күндері облыс орталығындағы туыстарында болған. Залал сомасы 2 млн теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол 30 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Қылмыс жасалған түні күдікті мас күйінде кафеден шығып, бірінші құлыпталмаған көлікті басқаруға отырған. Жанармай таусылғаннан кейін күдікті көлікті жол бойында тастап кеткен.

Полиция басқармасы осы деректі ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі (Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру