Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті мен ПД-ның бірлескен жедел кеңесі өтті

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Полиция департаментінің бірлескен жедел кеңесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аумақтық пробация қызметімен қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандардың тәртібі мен өмір тіршілігіне бақылау жүргізу бойынша өзара іс-қимылды жандандыру жөнінде 2021 жылдың 3-тоқсанының қорытындысы  бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция  қызметі мен Криминалдық полиция басқармаларының және олардың  “Алматы”, “Сарыарқа”, “Есіл”, “Байқоңыр” аудандары полиция бөлімдерінің өкілдерімен ҚР ІІМ-нің 18.08.2014 жылғы 517-ші бұйрығына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында жеделкеңес өткізілді.

Жедел кеңестің мақсаты жазасын өтеуден жалтарған сотталғандарға іздеу жариялауды жүзеге асыру бөлігінде ІІБ криминалдық полиция бөліністерімен Пробация қызметінің өзара іс-қимылын жақсарту бойынша одан әрі шаралар қабылдау және Пробация қызметінің есебінде тұратын, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапынан қайта қылмыс жасаудың алдын алу бойынша қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде жұмысты жандандырудың тәсілдері туралы сөз қозғалып, ұтымды шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар, бірлесіп атқарылған жұмыстардың қорытындысын, қол жеткізген жетістіктерді қарастырып және талқылап, алда атқаратын көптеген мақсатты іс-шаралар жоспары құрылды.

2021 жыл басынан бері Департамент полициясымен бірлесіп республикалық және жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, оларда  барлық сотталғандар тұрғылықты жерлері бойынша 100% тексерілді.

Атқарылған жұмыстардың арқасында, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД аумақтық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен жасалған қайта қылмыс саны өткен жылғы 3-тоқсанмен салыстырғанда 63-тен 51 қылмысқа азайған.

Осыған орай, өңірде жедел жағдайды тұрақтандыруға, қайта қылмыс жасаудың алдын алуға, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, әкімшілік қадағалауда тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған пробациялық бақылау орнатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға бағытталған бірлескен жұмыстарды бұдан әріде жалғастыру туралы шешімге келді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру