OLX интернет-алаңының әкімшілігі полицияның ұсыныстарын тыңдады
OLX интернет-алаңының әкімшілігі полицияның ұсыныстарын тыңдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еске салайық, мамыр айында қалалық ПД-нің басшылығы OLX өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді, оның барысында тәртіп сақшылары тәжірибеден алынған фактіні айтып, көрсетілген ресурс арқылы азаматтарға қатысты алаяқтық тәуекелдерін барынша азайту туралы өз ұсыныстарын айтты.
– Интернеттегі алаяқтықтың 50% -дан астамы OLX платформасын қолдану арқылы жасалады. Осы ресурстың жетекшісі Марина Киммен жұмыс кездесуі өткізілді. Біз болашақта үлкен интернет-алаңның қолданушыларының тәуекелдерін азайтуға көмектесетін бірнеше ұсыныстар жасадық. Сонымен қатар, біз алаңның басшылығын шетелдіктердің жарнама орналастыру мүмкіндігін шектеуге шақырдық. Сату-сатып алу, айырбастау және басқа да келісімдік манипуляцияларға қатысты алаяқтық әрекеттердің көпшілігін басқа мемлекеттің қолданушылары жасайды, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.
Сондай-ақ полиция компанияны алаяқтардан қорғау шараларын қабылдауға шақырды. Бірқатар ұсыныстар қолдау тапты.
– Биометрикалық деректерді пайдалану арқылы немесе жеке куәліктегі суретті қолдану арқылы авторизациялау, сондай-ақ файрвол орнату арқылы IP-мекен-жай сүзгісін қолдану арқылы пайдаланушыларға авторизациялау процедурасын қатаңдату тұрғысынан түсіністік болды. Әр жағдайды компания сараланған негізде қарастыратын болады. Тек қана жарнамалық аккаунттар үшін ғана емес, сонымен қатар, жарнаманы қараған адамдар үшін де logfile енгізу, ресурс өкілдері тек тіркелген қолданушылар туралы ақпарат беруге дайын екендіктерін мәлімдеді, өйткені олар мәліметтерді өңдеуге келіскен. Сонымен қатар, олар белгілі бір алгоритмді іске асырды, жарнама орналастырған және бірнеше күннің ішінде олардан ешқандай байланыс алмаған клиент, алаяқтық тізбектен қалай аулақ болу керектігі туралы кеңесі бар автоматты байланыс алады. Орташа алғанда, компания айына шамамен 1,5 миллион осындай хабарлама жібереді, – деп түйіндеді Әбдрахманов.