Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өнім де, пайда да жоқ: Алматыда сериялық алаяқ ұсталды

Алматыда сериялық алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Медеу аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 31 жастағы Р.есімді азаматша сериялық алаяқ болып табылады. Оның төрт қылмыстық эпизодқа қатыстылығы және 100 миллион теңгеден астам шығын келтіргені дәлелденді.

– Біздің бөлімнің қызметкерлері, компаниялардың бірінің өнімдерін “сатумен” айналысқан әйелді ұстады. Ол келесідей әрекет етті: бірлескен кәсіп жүргізуді сылтауратып, пайда мен тауар алуға көмектесуге уәде бере отырып, ол сенгіш азаматтарды тауып, өзімшілдік мүддесін көздеп, кәсіпке ақша салуды ұсынды. Алайда, әйел адам “кәсіпті” дамыту үшін алынған қаражатты өзі иемденді. Ол телефонды өшіріп, контактілерді бұғаттады. “Іс-әрекетінің” ауқымы тек Алматы қаласын ғана қамтымады деп ойлаймыз. Жүздеген алданған азаматтар болуы мүмкін, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Р. есімді азаматша бұрын осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған. Бірақ, сараңдық ақыл-ойды жаулап алған сияқты. Әйел қайтадан қылмыстық жолға түсті. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлімі – аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам қамауға алынды. Сонымен қатар, полиция, күдіктіні таныған және оның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды келесі телефондарға хабарласуға шақырады: 8-701-955-90-25; 8-701-739-53-94; 254-48-02.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру