Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ордабасы ауданының полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша қарқынды жұмыс жасауда.

Ордабасылық полицейлер жыл басынан бері 1500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ауданның тәртіп сақшылары  биыл 1500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Атап айтқанша, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру)  бойынша 71 құқық бұзушылық анықталса, 591-бабымен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) 121, 593-бабы (Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша 716 құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылған.

Ал, ӘҚБтК-нің 600-бабы (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) бойынша 57 құқық бұзушылық, 615-бабымен (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы)  398 құқық бұзушылық анықталып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру