Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемендік әйел өз баласына 1,5 млн теңгеден астам қарыз

Өскемендік әйел өз баласына 1,5 млн теңгеден астам қарыз, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шілде айының басында Өскемен қаласы Полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысынан өз баласын күтіп-бағуға алимент төлемейтін 24 жастағы азаматты іздестіруді жариялау туралы қаулы келді.

Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері алимент төлемеген әйелдің Өскеменде тұратынын анықтады. Белгілі болғандай, байғұс ана 4 жылдан астам уақыт бойы ресми түрде жұмыс істемегендіктен, осы жылдар бойы өзінің баласын күтіп-бағуға төлем жасамаған. Бүгінгі таңда ол баласына 1,5 млн теңгеден астам қарыз. Қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады.

– Жыл басынан бері шығысқазақстандық полицейлер 120-дан астам алимент төлемеген адамды анықтады, – деп атап өтті ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін заңда әкімшілік ҚР ӘҚБтК 669-бабы бойынша және қылмыстық жауапкершілік ҚР ҚК 139-бабымен көзделгенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру