Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өз пәтерінен алкоголь сатқан әйел әшкереленді

Павлодар облысында өз пәтерінен алкоголь өнімін сатқан әйелдің әрекеттері әшкере болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Павлодар облысының пабликтерінің бірінде полицейлер Екібастұз қаласының тұрғындарына алкоголь өнімдерін сату фактісі көрсетілген бейне жазбаны анықтады.

– Тексеру барысында аталған азаматшаның Энергетиктер көшесіндегі үйдің пәтерінен алкоголь өнімдерін заңсыз сатқаны анықталды. Тиісті тіркеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі бойынша қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК – нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал шаралар қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деді Екібастұз қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Қайыржан Шәкәрғалиев.

Полицияда аталған әйелдің осыған дейін де полицияның назарына іліккенін және ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігі бойынша алкогольдік ішімдіктерді заңсыз сатқаны үшін айыппұл санкцияларын салуымен бұған дейін де жауапқа тартылғанын атап өтті.

Алайда, ол әлі де заңсыз әрекеттермен айналысуды жалғастыруда. Ащы сусынды сатуға әуестенген әйел тағы да сот алдында жауап беруге мәжбүр.

Айта кету керек, жыл басынан бастап Павлодар облысының аумағында тиісті тіркеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысудың 2 фактісі және алкоголь өнімін заңсыз сатудың 25 фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру