Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы полицейлері браконьерлік фактісін анықтады

Павлодар облысы полицейлері браконьерлік фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Павлодар өңірінде “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, оның барысында полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзу, браконьерлік фактілерін анықтады.

Мәселен, Екібастұз қаласы Полиция басқармасының полицейлері 8 қарашада жүксалғышта еліктің бір ұшасын тасымалдаған 44 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mitsubishi автокөлігін тоқтатты.

Ер адам аңды атқан кезде міндетті түрде жанында болуға тиіс қорықшыны ескертпестен аңға шығып, жас сібір елікті емес, ересек ұрғашысын атып алған.

– Автокөлікті тексеру барысында аңшылық мылтығы табылып, тәркіленді. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жайлар анықталуда, – деді Павлодар облысы ПД Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Жыл басынан бері Павлодар облысының тәртіп сақшылары құқық қорғау заңнамасын бұзудың 900-ге жуық фактісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру