Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 247 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында 247 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде аса криминогенді учаскелерде патрульдік нарядтар қойылды. ІІО-да есепте тұрған адамдар тұрғылықты жері бойынша тексеріледі. Саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс объектілерін, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды және басқа да шалғай жерлерді тексеру жүзеге асырылады. Жол қозғалысын, оның ішінде қала сыртындағы автомобиль жолдарын қадағалау күшейтілді.

– Тәртіп сақшылары тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін алты адамды ұстады. 2 121 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 504 азамат тіркеусіз немесе құжаттарсыз тұрып, 184-і ұсақ бұзақылық жасады. Облыстың 359 тұрғыны қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін жауапқа тартылды, – деп атап өтті Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Сонымен қатар мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін 20 жүргізуші, көлік құралдары жүргізушілерінің белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырғаны үшін 111 жүргізуші ұсталды, 247 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды. Павлодар қаласының қабылдау-бөлу орнына 15 адам орналастырылды. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына (медициналық айықтырғыш) 460 тұрғын жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру