Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында түнгі уақытта алкоголь сатқан дүкен иесі анықталды

Май ауданында алкоголь өнімін сатуды бұзуың екі фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Май ауданының полицейлерімен мас күйінде ауыл тұрғындары жасаған құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында алкоголь өнімдерін сату бұзушылықтарын анықтау бойынша рейдтер тұрақты түрде жүргізіледі.

2020 жылдың 21 маусымында тексеріс барысында учаскелік полиция инспекторлары спирттік ішімдіктерді сату фактісін анықтады.

– Дүкендердің бірінде 47 жастағы иесі шамамен сағат 11.56-да 40% күштілігі бар бір бөтелке “Антивирус” арақ сатқан. Бұл факт әкімшілік заңнама нормаларына қайшы келеді, яғни этил спиртінің көлемдік үлесі 30% – дан 21 сағаттан 12 сағатқа дейін алкоголь өнімін бөлшек саудада сату құқық бұзушылық, – деп атап өтті Нығметолла Қаббасов.

Полиция хабарлағандай, әкімшілік құқық бұзушылық материалдары одан әрі қарау және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру