Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сот залында қамауға алынды

Павлодар облысында пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін ер адам сот залында қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудандық соттың судьясы С.Даньярова Баянауыл аудандық пробация қызметінің ұсынысы қаралды. Ұсыныс пробация қызметінің есебінде тұрған Бірлік ауылдық округінің тұрғыны К.-ға қатысты бас бостандығын шектеу жазасынан бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы еді.
К. есімді тұрғын жеке шаруашылық қожалығында малшы болып жұмыс істеген. Негізінде 2018 жылы Павлодар облысы Павлодар қаласының №2 сотымен ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1,3-тармағы, ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қылмыс түрі тонау және қарақшылық) ҚК-нің 3-бөлігінің 58-бабтарына сәйкес қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы түзеу мекемесінің орташа қауыпсіздік режимі тағайындалған.

2019 жылы Павлодар қаласының №2 сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 73-бабының 1,3-бөлігіне сәйкес жаза түрін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру, яғни бас бостандығынан айыру жазасынан бас бостандығын шектеу жазасы, ол қоғамнан оқшаулауға байланысты емес пробациялық бақылау тағайндалған болатын.

Алайда айыпкер өзінің қоғамға жат қылық жасап, жаңсақ басқанынан қорытынды шығарып түзелу жолына түсудің орнына пробациялық бақылау мерзімі ішінде ескертулерге қарамастан бірнеше мәрте жаза мерзімінің құқығын бұзушылық жасағаны үшін және сот жүктеген міндеттерді орындамай, яғни ішімдік ішуге арналған жер кафеге барғаны, пробациялық бақылаудың ай сайынғы белгіленген күндері бойынша Баянауыл аудандық пробация қызметіне келіп өз міндеттерінің орындалу туралы есеп беруден жалтарған және қайта қылмысқа тартылған (ҚР-нің 188-бабы “Ұрлық“).

Қоғамдық тәртіпті бұзып заңдылыққа бағынбай кеткен. Бірнеше мәрте жасалған ескертуден қорытынды шығармағандықтан, аудандық пробация қызметі оның үстінен сотқа ұсыныс түсіруге мәжбүр болды.

Сот мәжілісінде айыпкер К. өз кінәсін толық мойындап, белгіленген пробациялық бақылау мерзімі ішінде бір неше мәрте жазбаша түрде бас бостандығын шектеу жазасынан бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ескертулер салынғандығы жайлы айтты. Сотталушы осындай жағымсыз әрекеттерге барғаны ол жайғана жеңіл түрі, ештеңе болмайтындығын ойлап барғанын айтты.
Сот 2020 жылы наурыз айында ҚР Қылмыстық кодексінің 44-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып Павлодар қаласының №2 сотымен тағайындалған жазасын К. есімді ер адам бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімі 2 жыл 5 ай 29 күнін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру яғни белгіленген жазаны қауыпсіздігі орташа режимдегі түзеу мекемесінің колониясында өтейтіндігі туралы қаулы шығарылған.
Алайда сотталғанды шығарылған аудандық соттың қаулысына келіспей Павлодар облыстық апеляциялық сотының қарауына шағым түсірген, 2020 жылы сәуір айында Павлодар облыстық сотының апеляциялық қылмыстық істер алқасының соты И.Ю. Каркада сотталған К.-нің шағымын қарап, қанағаттандырылусыз қалдырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру