Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізушілер жауапқа тартылды

Павлодар облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізушілер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу, сондай-ақ көлік құралдарын көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен басқаратын жүргізушілерді анықтау мақсатында 10-14 маусым аралығында "Жалған нөмір" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

– Іс-шараның алғашқы күнінің өзінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 152 дерегін анықтады. Оның ішінде жалған нөмір орнатудың 2 фактісі және жалған нөмірмен көлік басқарудың 4 фактісі тіркелді. Сондай-ақ 21 жүргізуші оқылмайтын мемлекеттік нөмірмен жүрген, 6 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққан, ал 9 адам көлікті мас күйінде басқарған. Әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін 23 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды, – дейді Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бәкібай Ахмедиянов.

Мәселен, Еңбек ауылында патрульдік полиция қызметкерлері ВАЗ автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты. Тексеру барысында оның көлікті жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлігі мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Полиция еске салады: жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану – қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін ауыр құқық бұзушылық. Бұл жолдағы көлік құралдарын және олардың иелерін автоматты тіркеу жүйелері арқылы дұрыс анықтауға кедергі келтіреді. Осыған байланысты полиция көлік иелерін заң талаптарын қатаң сақтауға және өз көліктерін уақытылы тіркеуге шақырады

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру