Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ЖКО саны 25%-ға азайды

Павлодар облысында ЖКО саны 25%-ға азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының өңірлік коммуникация қызметінде жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша брифинг өтті.

– Жолдағы қауіпсіздік деңгейі факторлар кешеніне байланысты. Бұл автомобильдердің техникалық жағдайы, жүргізушілердің жол жүру ережелерін білу деңгейі, қозғалысты ұйымдастыру, ЖКО кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетудің уақытылығы және тағы басқалар. Алайда жолдағы қауіпсіздіктің жалпы жағдайын анықтайтын негізгі фактор – жүргізушілердің тәртібі, – деп атап өтті облыстық полиция ведомствосы бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Спикер негізгі себептер туралы хабардар етіп, ЖКО статистикасын айтып, 10 ай ішінде қабылданған шаралармен облыс жолдарында болған оқиғалар саны 25%-ға немесе 385 фактіге, зардап шеккендер саны 37%-ға төмендегенін атап өтті. Сондай-ақ балалардың жол-көлік жарақаттануы 25%-ға төмендеген.

Биыл 78 ЖКО тіркелген болса, өткен жылы 104 факті тіркелді. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен апаттылық 40 фактіге, 178-ден 138-ге дейін төмендеді. Мас жүргізушілердің қатысуымен болған 21 ЖКО тіркелген, онда 14 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды.

– Жолдағы оқиғалардың негізгі себептерінің бірі – жылдамдықтың артуы, қарсы қозғалыс жолағына шығу және мас күйінде жүргізу болып қала береді. Көлік тәртібін арттыру мақсатында полиция жыл басынан бері 106 мыңнан астам жол жүру ережелерін бұзудың жолын кесті, оның ішінде мас күйінде көлік жүргізгені үшін 1176 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 66 жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деді спикер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру