Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жыл басынан бері 90-ға жуық мал иесі жауапқа тартылды

Павлодар облысында жыл басынан бері 90-ға жуық мал иесі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер облыстың автожолдарында тұрақты негізде патрульдеу жүргізеді, оның барысында жыл басынан бері жолдарда бақылаусыз жайылып жүрген 2294 үй жануары айыппұл тұрағына қамалды, малдың 90 иесі жауапқа тартылды.

– Мысалы, Атамекен – Русская поляна автожолының 29 шақырымында жылқылар бақылаусыз жайылып жүрді. Кейінірек олар мамандандырылған тұраққа қамалды. Жылқы иесі анықталып, мал жаю ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, – дейді Павлодар облысы ПД.

Құқықтық тәртіп сақшылары ауыр зардаптармен жол-көлік оқиғаларын тудыруы мүмкін иесіз жайылып жүрген малдың алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарымен профилактикалық жұмысты тоқтатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру