Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жыл басынан бері жоғалған 72 телефон анықталды

Павлодар облысында жыл басынан бері жоғалған 72 телефон анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрланған телефондар туралы барлық ақпараттар IMEI-кодтар енгізілетін Қазақстан Республикасы ІІМ-нің арнайы базасы бойынша тексеріледі. Ұялы телефондарды ұрлаумен байланысты қылмыстардың алдын алу және анықтау мақсатында облыс ПД патрульдік полиция ротасы мен батальонының қызметкерлері күн сайын IMEI-кодтарды тексеруді жүзеге асырады.

– Жылдың басынан бастап полицейлер 26 мыңнан астам телефонды тексерді, оның ішінде 72 ұрланған немесе жоғалған телефон анықталды. Көп жағдайда тұрғындар бұл телефонды көшеде тапқандарын айтады, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Мысалы, 20 мамырда сағат 00.59-да патрульдік полиция батальонының инспекторлары көшені патрульдеу кезінде Малайсары батыр көшесінің қиылысында өзімен бірге телефоны бар 27 жастағы азаматты ұстады. Тексеру барысында бұл телефонның 21 қаңтарда жоғалғаны анықталды. Әрі қарай талқылау үшін жігіт полиция бөліміне жеткізілді. Полиция телефондарды көшеден немесе сатушы сізге құжаттарды көрсетуден бас тартқан жағдайда сатып алмау туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру