Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жылдамдықты асырған жүргізуші жазаланды

Павлодар облысында жылдамдықты асырған жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жылдамдықты арттыру бүгінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың ең көп таралған түрі болып табылады. Бірақ жылдамдықтың шамалы асып кетуі де өлімге әкелуі мүмкін және олардың ауырлығы апат кезінде автомобильдің жылдамдығына тікелей байланысты. Мысалы, жылдамдықты небәрі 10 км/сағ арттыру тоқталу жолын ондаған метрге арттыруы мүмкін.

– Қалада да, одан тыс жерлерде де көлік жүргізушіден ерекше мұқияттылық пен үлкен тәртіпті талап ететінін есте ұстаған дұрыс. Жүргізуші жолды, басқа көлік құралдарын, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен бағдаршам сигналдарын қадағалап отыруы тиіс, – дейді облыстық полиция ведомствосының әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.

23 қаңтар күні павлодарлық тұрғын камералардың көзіне бес рет түсті. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (Белгіленген жүру жылдамдығын арттыру) бойынша жылдамдық режимін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді жылдамдықты сүйетін адамға 120 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келеді.

Жылдам жүрудің себебін сұрағанда, жүргізушілер әртүрлі сылтаулар айтады: жүргізушілердің 50%-ы асығыс болғанын айтса, 20%-ы жылдамдықты ұмытып, самал желден ләззат алған, ал кейбіреулері тіпті көліктің жылдам екенін және баяу жүруге шыдамайтынын айтып, тәртіп бұзушылық үшін жауапкершіліктен жалтармақшы болып, машинаға мін таққан.

Жылдың басынан бері жылдамдық режимін бұзған екі мыңнан астам жүргізуші жазаланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру