Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстандықтарды kolesa.kz арқылы алдаған алаяқ ұсталды

Атырау облысы және Астана қаласының кибер қылмысқа қарсы іс-қимыл қызметі сайт арқылы алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында 1993 жылы туған Қызылорда қаласының тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін ұсталды. Ол ғаламтор желісінде автокөлік сататын сайттарға (kolesa.kz) жалған жарнамалар жариялаған.

Жарнамадағы көлікті сатып алуға қызығушылық танытқан желі қолданушыларынан жарнаманы алып тастау үшін алдын ала қаражат жіберуін сұраған. Төлемді әлеуметтік желіде танысқан қыз-келіншектердің банк-шоттарына аудартып, кейін қоғамдық орындарда өзінің карталарының бұғаттаулы екенін айтып, кездейсоқ адамдарға аудартып, иемденіп келген.

Қазіргі таңда күдіктіні осындай 10 қылмысқа қатысы бары анықталды. Алаяқтың құрбаны болғандар – Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Астана, Шымкент қаласының тұрғындары. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Астана қаласында қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру