Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 152 шетелдік анықталды

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 152 шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон полициясымен тұрақты негізде көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау үшін мақсатты пысықтаулар мен рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

– Ағымдағы жылдың бес айында Павлодар облысының көші-қон қызметінің қызметкерлерімен 2 701 адам әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде 276 шетелдік және 2 425 ҚР азаматтары. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 152 шетелдік, 296 қабылдаушы тұлғалардың шетел азаматтарының болу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 30 құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды, – деді Павлодар облысы Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиев.

Қазақстан Республикасында тіркеу ережелерін бұза отырып тұрып жатқан 2 148-ден астам азамат анықталды, оның ішінде 2 090-ы ҚР азаматтары және 58-і шетелдіктер. Сотқа 92 әкімшілік құқық бұзушылықтарға іс жіберілді. 13 шетелдікке қатысты елден шығару туралы шешім қабылданды. Жалпы сомасы 40 млн. 151 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. Іздеуге мәлімделген 172 борышкердің 87 алимент төлемейтіндері, сондай-ақ іздеудегі 96 борышкердің 50-і анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру