Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері жастар арасында спорттық жарыс өткізді

Павлодарда қаланың жалпы білім беру мекемелері мен ұйымдарының жастары арасында волейбол, үстел теннисі, шахмат және дартс бойынша турнирлер өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарысты Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен “Running Pavlodar” салауатты өмір салты қозғалысының үйлестірушісі ұйымдастырды.

Қатысушылардың басты мақсаты – өз құрдастарына есірткі, алкоголь, темекі шегу және әртүрлі допингтерді қабылдау сияқты зиянды хоббиге нақты балама ретінде спорт және дене шынықтыру сабақтарын ұсыну.

Қатысушыларды басқа ұйымдастырушылармен бірге есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкері Ирина Темірғалиева қарсы алды. Ол салауатты өмір салтының артықшылықтарын және тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілікті түсіндірді.

Біріншілік үшін күрес ауыр және шиеліністі болса да қызықты өтті. Әр қатысушы ең жақсы нәтижеге қол жеткізіп, барлық батылдық пен шеберліктерін көрсетті. Жиналған жанкүйерлер жарысты қызықтап, ұмытылмастай әсер алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру