Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полициясы ІІМ акциясына қосылды

Полиция мен халық арасындағы ашық диалогты нығайтуға бағытталған ІІМ акциясына Павлодар облысының полицейлері де қосылды. Тұрғындар QR-код арқылы министрліктің ресми парақшасына өтіп, өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей жолдай алады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

11-13 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі "Біз жаныңыздамыз. Сұраңыз, жауап береміз" атты үш күндік акция өткізуде.

Акцияның мақсаты – азаматтардың ішкі істер органдарына қатысты өзекті сұрақтарына құзыретті мамандардан тікелей жауап алуына мүмкіндік жасап, полиция мен халық арасындағы ашық диалогты нығайту.

Акция аясында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ІІМ-нің Threads әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы жауап ала алады.

Ақпараттың тұрғындарға барынша қолжетімді болуы үшін Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкерлері QR-кодтарды халық көп шоғырланатын орындарға орналастырды. Атап айтқанда, QR-кодтар аялдамаларда, дүкендерде және ақпараттық стендтерде орнатылды.

QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар ІІМ-нің ресми парақшасына өтіп, акцияға қатыса алады, өзекті ақпаратпен танысып, ішкі істер органдарының өкілдеріне тікелей сұрақ қоя алады.

Полиция департаменті тұрғындарды акцияға белсенді қатысып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қоюға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру