Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ЖБО камералары арқылы жол ережесін бұзған жүргізушілер анықталды

Павлодарда жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел басқару орталығының камералары жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркейді, оның ішінде жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздік белдігін тақпау деректері де анықталуда.

Павлодар қаласында полиция патрульдеу кезінде бірнеше құқық бұзушылық анықтады. Майра көшесінде жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, ал Н.Назарбаев даңғылында өтіп бара жатқан көлікте кішкентай бала арнайы балаларға арналған орындықсыз отырған.

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған 1564 жүргізуші жауапқа тартылды.

Полиция барша азаматты жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру