Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер «Қауіпсіздік бестігі» жобасын өткізуде

Павлодарлық полицейлер «Қауіпсіздік бестігі» жобасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің ювеналдық полиция қызметкерлері «Қауіпсіздік бестігі» жобасын өткізуде.

– Полицейлер алғашқы сабақты Павлодар қаласының №17 мектебінде 1 және 4 сынып оқушылары арасында өткізді, онда оқушыларға жол жүру ережелері, жалпы денсаулық пен өмірді сақтау үшін қауіпсіз мінез-құлық туралы ойын түрінде айтып берді, – деді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор Юлия Сундетова.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары балаларға қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске салды. Полиция балаларды бейтаныс адамдармен сөйлескен кезде олардың күмәнді ұсыныстарына жауап беруден бас тартуға үйретті. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының назары мектепке баруға тұрарлық қауіпсіз бағытқа аударылды.

Полицияның жас көмекшілері «Бағдаршам елінің 4 станциясы» викторинасын өткізді, онда әр дұрыс жауап үшін оқушылар «қауіпсіздіктің алғашқы бестігі» – ерекшелік белгісін алды.

– «Қауіпсіздік бестігі» – бұл оқушыларға ата-аналарына да пайдалы болатын қажетті ақпараты бар сабақ. Жыл басынан бері облыс аумағында 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның салдарынан 13 бала жарақат алды, қаза тапқандар жоқ, – дейді Юлия Сундетова.

Тәртіп сақшысы балаларды жол белгілері мен жол қозғалысының заңдарымен таныстырды, балаларға бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы айтылды, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігін еске салды.

– Осы қарапайым, бірақ өте маңызды ережелерді сақтау балалардың жағымсыз жағдайларға тап болуын азайтады және шешім қабылдаған кезде оларға сенімділік қосады, – дейді полиция қызметкерлері.

Қызықты сабақтың соңында оқушылар алғашқы қауіпсіздік бестігін және полицейлерден пайдалы сыйлықтар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру