Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер елордалық мекемелерде бірқатар ұрлық жасаған адамды анықтады

Елордалық полиция департаменті жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері қала мекемелерінде бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен 38 жастағы ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының полиция департаменті қала мекемелерінде бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен елорда тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта оның үш ұрлыққа қатысы бары белгілі болды. Кешкі уақытта ер адам медициналық орталыққа кіріп, жұмысшылардың жоқтығын пайдаланып, кеңседен “НР” ноутбугін алып кеткен.

Күдіктіні бейнебақылау камералары түсіріп алған. Қазіргі уақытта полицейлер ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам мойындау көрсетпелерін берді және қамауға алынды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, жұмыс орындарын қараусыз қалдырмауға және бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру