Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер отбасынан шығып, отбасын құрған полицей қос ғашық

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Polisia.kz редакциясы құқық қорғау органдарында қызмет ететін отбасымен таныстырмақ. 

Қостанай облысы Рудный қаласының тумасы Асхат Қайратұлы мен Отырар ауданы Көкмардан ауылының қызы Перизат Бақтыбайқызын таңдаған мамандықтары одан әрі өмірлік жар табуға ықпал етті. Бұл екі жас жұмыс барысында танысып, табысқан ерлі-зайыпты жас полицейлер.

– Көктемнің жайма-шуақ күндері еді. Жұмысқа келдім. Көрші кабинеттегі қыздың есігін аша алмай тұрғанын көріп, ашып бердім. Сол кездегі қыздың жанарынан өзімнің болашақ жарымды көргендей болдым. Жүрегім селк ете қалды. Осыдан бастап, танысуды жалғастырып, әлеуметтік желі, ұялы байланыс арқылы жиі хабарласып тұрдық. Маған лайық жан екенін сезініп, үйленуге ұсыныс білдірдім. Міне содан бері біргеміз. Екі қызымыз бар, – деп әңгімесін бастады Асхат Қайратұлы.

Асхат Қайратұлы ес біліп, ер жеткен шағынан бастап, полицей болуды армандаған, оған себеп, әкесі мен анасының осы салада қызмет етуі. Атасы Әкімбай Шындалиев та 1972-1994 жылға дейін жол полициясында қызмет етіп, зейнетке шыққан. Ал, әкесі Қайрат Шындалиев 1984 жылы Қостанай облысы Рудный қаласында учаскелік полицей болған. Анықтау, қылмысты іздестіру
бөлімінде де қызмет атқарды. 2009 жылы Отырар аудандық ішкі істер бөлімінде тергеу жөніндегі орынбасары болып, зейнеткерлікке шыққан. Анасы Гүлнәр Бейсенбаева 2000 жылдан бері Отырар аудандық Ішкі істер басқармасында фельдшер болып жұмыс жасаған. Полицейлердің отбасында тәрбиеленген ұлдың полицей болуы заңдылық секілді. Доп қуып, футбол ойнағанды ұнататын, кейіпкеріміз Асхат Қайратұлының өмірлік жары Перизат Бақтыбайқызы да ішкі істер органында қызмет істейді.

2010 жылы Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасынының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор болып, жұмысқа қабылданады. Белгіленіп берілген мектепте түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. 2011 жылы Отырар аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон қызмет тобына ауысып, қазір таңда осы жерде қызмет етеді.

“Бала күннен полицей болуды армандадым” деген Перизат анасының ішкі істер органында бас есепші болғандығын жеткізді. Кейде анасының жұмыс орнына баратын жас қыз сондағы формадағы полицейлерге қатты қызыққанын да жасырмады. Сондай-ақ, спортқа құмар болған. Әсіресе жүгіру, волейбол мен шұғылданған. 2012 жылдың Отырар ішкі істер бөлімінде Асхаттай азаматпен шаңырақ құрып, жас ана полицей атанып отыр.

Бүгінгі қос кейіпкерімізге басынан полиция өмірі етене жақын болды. Асхат пен Перизат ата-аналарынан көрген білгендерін жалғастырған жандар.Қыздары да, әкесі мен анасының жолын қуар болса, қарсылық жоқ екенін жас отбасы айтып өтті.

Қоғамдық тәртіп пен үйдегі сыйластықты сақтаған ерлі-зайыптыларға амандық тілейміз! Мақсаттарыңыз орындала берсін!
Сондай-ақ оқыңыздар
  1. Гүлназ :

    Керемет! Супер, Бақытты болыңдар!

  2. Гүлназ Сейтказиева :

    Бақытты болыңдар! 👍🏻😊👋🏻👏👏👏👏👏

  3. Нуржамал :

    Керемет отбасы👍 Бақыт тілеймін 😘

Жауап қалдыру