Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция бөлімінің қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесулер өткізуде

Әйтеке би ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагерлерімен үнемі кездесулер өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері және Ардагерлер кеңесінің өкілдері С.Еңсепбаев және С.Мәмбетовпен бірігіп, Ішкі істер органдарының ардагері Ұзақбай Жолаевты мерекемен құттықтап қайтты.

Ұ.Жолаев КСРО ҚК қатарында Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы үш жылдық әскери қызметтен келген соң, 1968 жылы кеңес милициясында еңбек жолын бастаған. Қызмет атқару кезінде міндеттерін мінсіз орындағаны үшін аудандық ІІБ, облыстық ІІБ және ҚазКСР ІІМ басшылығымен бірнеше рет марапатталған. 1-дәрежелі “Милиция озаты” төс белгісінің, “Мінсіз қызметі үшін” 3, 2 және 1-дәрежелі медальдерінің, сонымен қатар көптеген грамоталар мен алғыс хаттардың иегері. Қызмет ету кезеңінде жас қызметкерлерге өз тәжірибесімен бөлісіп, оларға жол көрсеткен. Олардың көбісі қазіргі таңда ішкі істер органдарының ардагері. Милиция қатарында 23 жыл қызмет атқарған ол милиция старшинасы атағында зейнетке шыққан.

Әйтеке би ауданы полиция бөлімінің ұжымы және Ардагерлер кеңесі Ұзақбай Жолаевты мерекемен құттықтай отырып, оған зор денсаулық және ұзақ өмір тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру