Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда сақ болуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында биыл жол қозғалысы ережелерін бұзудың 74 мыңға жуық дерегі анықталып, жолы кесілді. Барлық құқық бұзушы заң аясында жауапкершілікке тартылды.
Жол ережелерін сақтамау – жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі. Сондықтан полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге келесі негізгі ережелерді қатаң сақтауға шақырады.
Жүргізушілерге:
Жылдамдық шектеулерін сақтау;
Жаяу жүргіншілер өткелдері мен аялдамалар маңында жылдамдықты азайту;
Рөлде гаджет қолданбау;
Қашықтық сақтау және өзге қатысушыларды құрметтеу;
Жол ережелерін үнемі қайталап отыру.
Жаяу жүргіншілерге:
Жолды тек белгіленген жерден және жасыл жарықта өту;
Жолдан өтерде телефон мен құлаққапқа алаңдамау;
Қараңғы уақытта сақ болу;
Жол жиегінде жүгірмеу;
Әрбір жол қозғалысына қатысушы өз өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты. Ережелерді сақтау – жол апаттарының алдын алып, қауіпсіздікті арттырады.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Бірнеше ақпараттық порталда тілші болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда "Polisia.kz" сайтының шеф-редакторы.