Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицияның күші – халықтың сенімінде. Өрт орнынан репортаж.

Полицияның күші – халықтың сенімінде. Polisia.kz редакциясы Семейдегі сауда үйінен шыққан өрт бойынша соңғы ақпараттарды ұсынады.

Бұған дейін айтқанымыздай, 6 ақпанда Семей қаласында “Ақшың” сауда үйінде өрт шықты. Өртті сөндіру жанғыш материалдардың көп болуына байланысты қиынға соқты. 18 сағат ішінде бәрі өртеніп кетті. 

Өрт басталғаннан бері Абай облысының полицейлері сауда орталығын қоршады. Бұл шаралар тонауды болдырмау, сондай-ақ азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Жалынның күшінен ғимараттың үшінші және екінші деңгейлері опырылып түсті.

Құрамына полиция, төтенше жағдайлар, экономикалық тергеу департаменті мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері кіретін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. 

Өрт фактісі бойынша “Ақшың” СҮ-де сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ХҚКО қызметкерлері өрттің себептерін анықтап жатыр.

Өртті сөндіргеннен кейін жүргізілген алғашқы тексеру бірнеше павильондардың жалынға ұшырамағанын, тағы бірнеше бутиктердің жартылай ғана зақымдалғанын көрсетті. 

Департаменттер мен облыс әкімдігінің басшылығы ішінде болған тауарды беру туралы шешім қабылдады, өйткені төмен температураның, күйе мен судың әсерінен тауар жарамсыз болып қалуы мүмкін. 

Полиция қызметкерлері зардап шеккен кәсіпкерлерге түннен бастап кезекпен апаттық ғимараттан олардың мүлкін қолхатпен алып шығуға көмектесті. Өз орындарында өртенбеген үлкен соммадағы ақша тапқандар да болды. Өз тауарлары мен ақшаларын сақтаған адамдардың қуанышы полицейлердің екінші тынысын ашқандай болды: үш күн бойы олардың еңбегі – мұның бәрі бекер болған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру