Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда бойжеткен тұрғынның әшекей бұйымдарын ұрлап кетті

Қарағандыда бойжеткен тұрғынның әшекей бұйымдарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қазанда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 47 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші әйелдің пәтеріне белгісіз біреу кіріп, бағалы заттарды ұрлап кеткен.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы ұрлық жәбірленуші жұмыста болған кезде орын алғанын анықтады. Жәбірленуші пәтердің кілті біреу болғандықтан, пошта жәшігіне қалдырып кетуді әдетке айналдырған. Пошта жәшігінен белгісіз біреу кілтті алып, пәтерге кіріп, зергерлік бұйымдар салынған сөмкені алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 235 мың теңгені құрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

27 қазанда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті 20 жастағы қызды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру