Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда тағылымдамадан өтуші жалған келісімшарт арқылы қомақты қаржыны иеленген

Қарағандыда тағылымдамадан өтуші жалған келісімшарт арқылы қомақты қаржыны иеленген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бірінің басшылығы арызбен шағымданды.

Белгілі болғандай, серіктестік косметикалық тауарлар сатумен айналысқан. Белгісіз біреу серіктестік туралы ақпаратты қолдана отырып, жалған келісімшарт жасап, 600 мың теңге ақшаны қолды қылған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен “Anti-fraud” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен, сол серіктестікте тағылымдамадан өтіп жатқан 33 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру