Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық бірнеше ай бойы велосипедтерді ұрлаған

Бірнеше велосипед ұрлығына қатысы бар қарағандылық жауапқа тартылып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының ПБ кезекші бөліміне Доскей ауылының тұрғынынан ауласында тұрған құны 60 мың тұратын “YIBAO” маркалы велосипедінің жоғалғандығы туралы өтініш түсті. Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторлары мен криминалдық полиция бөлімінің жедел іздестіру іс-шаралары кезінде Доскей ауылының 27 жастағы тұрғыны күдікке ілініп, ұсталды.

Тергеу барысында оның мамыр айынан бастап Доскей ауылының тұрғындарынан тағы екі велосипед, ұялы телефон және дәнекерлеу, ағаш кесетін аппараттарын ұрлағаны анықталып, айғақ заттар тәркіленді. Бүгінгі күні күдіктіге ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлімі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру