Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қаруды қалай тапсыруға және өтемақыны қалай алуға болады?

Павлодар облысы Полиция департаментінің қызметкерлері тіркелмеген атыс қаруын азаматтардың ерікті түрде тапсыру акциясы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сондай-ақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тапсыруға болады. Айта кету керек, бұл шара алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, заңсыз сақталған қаруды анықтау және алып қою жұмыстарын жетілдіру мақсатында әзірленген.

Қазіргі уақытта қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты акция келесі түрде, яғни заңсыз сақталған қаруды тапсырғысы келген азаматтар “102” нөміріне қоңырау шалу арқылы өтуде. Полиция қызметкерлері барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, өтініш берушіге келіп, өтініштер мен осы заттарды қабылдайды, содан кейін қару баллистикалық сараптамаға жіберіледі, оның нәтижесі бойынша азаматтарға ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады.

Тапсырылған қару үшін сыйақы заңға сәйкес төленеді. Мемлекет қарудың әр бірлігі үшін 10-нан 100 АЕК-ге дейінгі соманы төлейтінін, атап кету керек. Акция барысында қару-жарақты өз еркімен тапсырғаны үшін облыс тұрғындары жалпы сомасы 4 600 000 теңге сыйақы алып, құқық қорғау органдарына 74 бірлік қару тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш акцияны жүзеге асыру үшін барлығы 9 000 000 теңге бөлінді.
Атыс қаруын, оқ – дәріні, жарылғыш заттарды ерікті түрде өтеусіз тапсыру акциясы-бұл әлеуметтік жауапкершілігі жоғары азаматтар үшін мемлекетке тіркелмеген қаруды ақшалай сыйақы үшін берудің тамаша тәсілі. Ерікті түрде тапсырған кезде олар әкімшілік және қылмыстық жазадан босатылады, ал тапсыру рәсімі қарапайым және көп уақыт алмайды.

Полиция акция аяқталғаннан кейін анықталған заңсыз сақталған қару үшін тұрғындар жауапкершілікке, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Бүгінде кез-келген қаруды өз еркімен тапсыру, бұл ақшаны алу тәсілі ғана емес, сонымен қатар қаруды пайдаланудың алдын алу, соның салдарынан жазатайым оқиғаларды, қылмыстарды болдырмау мүмкіндігі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру