Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Велосипедті қалай қорғауға болады?”: Полиция кеңестері

Павлодар облысының полицейлері велосипедті қалай қорғауға болатындығын айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаз мезгілінде қылмыстық қол сұғушылықтың негізгі түрлерінің бірі велосипедтер болып табылады. Велосипедтерді қайта сату мақсатында немесе бұзақылық ниетпен ұрлайды. Велосипедші үшін екі дөңгелекті досын жоғалту – жағымсыз оқиға және мәселе оның бағасында емес.

Міне, Сізге қатысты қылмыстық әрекеттерді жасауды барынша азайтатын бірнеше ереже.

– Велосипедті подъезде немесе түнде өз үйіңіздің жанында қалдырмаңыз, тіпті егер Сізде арнайы құлыптауыш құрылғы болса да, көлік құралын үйге қойыңыз (балконға орналастыруға болады). Көптеген тұрғын үйлерде жертөлелер бар, онда велосипед қалдыру құқығы бар.

– Мүмкіндігінше велосипедті қараусыз қалдырмаңыз, тіпті қысқа уақытқа кетсеңіз де. Егер велосипедті күзететін ешкім болмаса, оны металл штангасы бар арнайы құлыптау құрылғысымен бекітіңіз.

– Егер қысқа уақыт кетуі керек болса, велосипедті екі құлып дөңгелектерге, рамаға, седлоға байлаңыз.
Сондай-ақ, рульде, дөңгелектерде, рамада немесе велосипедтің басқа да бөлшектерінде ультракүлгін сәуле кезінде көрінетін арнайы маркермен (Т.А. Ә., телефон нөмірі) таңбалау мүмкіндігі бар.

Кейбір велосипедтерде бірнеше сериялық нөмір бар. Сандардың бірі бірегей болуы керек, ал басқалары мыңдаған басқа велосипедтермен бірге өнімдердің нөмірлері болуы мүмкін. Барлық сериялық нөмірлерін тексеріңіз!

Велосипед ұрланған жағдайда дереу жақын жердегі полиция пунктіне немесе “102”-ге хабарласу керек. Айта кету керек, 2020 жылы облыс бойынша 86 велосипед ұрлығы тіркелген, оның 47-і полиция қызметкерлері заңды иелеріне қайтарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру