Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарызын қайтарғысы келмеген Риддер тұрғыны полицияға жалған ақпарат берген

Қарызын қайтарғысы келмеген Риддер тұрғыны полицияға жалған ақпарат берген. Ол өзін қарақшылық шабуылдың құрбаны ретінде көрсеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығысқазақстандық полицейлер жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

30 жастағы жергілікті тұрғын Риддер қалалық полиция бөліміне оған қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, түнде бетперде киген үш белгісіз адам оның үйіне кіріп, өздерінің күштерінің басымдылығын пайдаланып, оған қатысты зорлық-зомбылық көрсетіп, 3,8 млн теңге көлемінде ақшасын алып кеткен.

Аталған өтініш негізінде тәртіп сақшылары осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады.

Алайда арызданушымен әңгімелесу барысында оқиға басқаша өрбіді. Ер адам полицейлерге оған қатысты ешқандай қылмыс жасалмағанын, мұның бәрін ол өзінің танысына 950 мың теңге қарызды қайтарғысы келмегендіктен ойлап тапқанын мойындады.

Енді ҚР ҚК-нің 419-бабының 3-бөлігіне сәйкес “жалған жәбірленушіге” үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру