Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері жолда қалған жүргізушілерге көмектесті

Қамысты ауданы полицейлері қиын жол жағдайына тап болған жүргізушілерге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Тәжікстан азаматтары Қостанай – Қарабұтақ А-22 жолында автокөлікте отын таусылғандықтан, жолда екі сағаттай тұрып қалған. Патрульдік Саят Әбілкәкімов пен Жанбатыр Кенебаев тоқтап, жүргізушіге жанармаймен көмектесті.

Сондай-ақ бұл жолда тағы бір оқиға орын алған. Ауа райының қолайсыз жағдайында жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік кюветке аударылды. Қамысты ауданының тәртіп сақшылары шетте қалмай, арнайы техникамен көмекке келді.

Жүк көлігі кюветтен шығарылып, Шымкенттік жүргізуші сапарын әрі қарай жалғастырды. Ер адамдар Қамысты полицейлеріне көмек көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру