Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері балконда қамалып қалған зейнеткерге көмектесті

Қостанай полицейлері балконда қамалып қалған зейнеткерге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

68 жастағы зейнеткер балконға шыққан. Осы кезде оның екі жасар немересі есікті ішінен жауып тастаған. Үйде кейуана немересімен екеуі ғана қалған. Осыған байланысты есікті сыртынан ашатын адам болмаған. Сондықтан зейнеткер әйел балконда тұрып, сырттан көмек сұрай бастаған. Оны естіген көршілері полиция қызметкерлеріне хабарласқан. Шақыруға патрульдік полиция қызметкерлері Сапаржан Кәрібаев пен Еділ Мұратханов келді.

Әйелге көмектесу үшін полиция қызметкері Еділ Мұратханов көрші пәтердің балконы арқылы үшінші қабатқа көтерілуге шешім қабылдаған.

– Шақыру түскен бойда біз жол бойында іс-қимыл жоспарын ойластырдық. Үйде кішкентай бала болғандықтан, ол қорқып қалмау үшін біз тез әрекет еттік. Алдыңғы есік пен балкон жабық болды. Сондықтан пәтерге қылтиманың сыртынан көтерілу арқылы ғана кіруге болды. Құтқару операциясы кезінде серіктесім менің құлап кетпеуімді қадағалап отырды, – деп Еділ Мұратханов құтқару операциясының мән-жайын түсіндірді.

Зейнеткер тәртіп сақшыларына көрсеткен көмегі үшін алғыс айтып, жұмыста сәттілік тіледі.

Ішкі істер органдарында 2011 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан патрульдік полиция қызметкері Сапаржан Кәрібаев үшін бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетудің бірінші жағдайы емес. Ал оның серіктесі – полицияда 2022 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жас қызметкер Еділ Мұратханов үшін бұл алғашқы құтқару операциясы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру